Ірі жобаларға қатысады
<p style="text-align: justify;">Атырауда өтіп жатқан Теңіз, Қашаған, Қарашығанақтың мұнай-газ жабдықтары мен сатып алатын тауарлары туралы мұнай-газ инжинирингінің форумы мен ірі жобалардың ашық есік күндері өтіп жатыр. Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов Мемлекет басшысы мен Премьер-министрдің жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған бірқатар нақты міндетті белгілегенін атап өтті.</p>

Реттеліп сатып алуда отандық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін ұлғайтуға, жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға, оның ішінде неғұрлым талап етілетін өнім шығаруды оқшаулауға, сондай-ақ жергілікті инженерлер мен жобалау компанияларын міндетті түрде тарта отырып, жобалау дизайн-кеңселерін елге көшіруге ерекше назар аударылады.
Іс-шараға 130-ға жуық зауыт және жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілер, мұнай-газ секторының жер қойнауын пайдаланушылары және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Бұған дейін Энергетика министрлігі жүргізген жұмыстың нәтижелері бойынша осы жылдың мамыр айында ірі мұнай-газ жобаларының жер қойнауын пайдаланушылары мен осы жобалар үшін сатып алынатын мұнай-газ жабдықтары мен тауарлары бойынша жалпы сомасы 240 млн долларды құрайтын отандық өндірушілер арасында келісімшарттарға қол қойылғанын атап өткен жөн.