Саясат
1 мин оқу 103

Өңірдің өзекті мәселелері

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы Баянауыл аулында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты. Құны 2,5 млрд теңге болатын нысанның құрылысын ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жос&shy;парланып отыр.</p>

Өңірдің өзекті мәселелері

Алтынбек Нухұлы құрылыс алаңынан ке­йін Баян­ауыл ауданының ақсақалдарымен және ак­тивімен кездесу өткізіп, өңірдің әлеу­мет­­­тік-экономикалық даму жоспарын талқылады.

Депутат сапар барысында Мұса Шорман аулының тұрғындарымен де кездесті. Жүздесу кезінде Сенат қызметінің қорытындылары, сондай-ақ академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жыл­дығына арнал­ған іс-шараларды жүзеге асыру бары­сы туралы айтып берді. Сенатор сонымен қатар «Ауыл кітапханаларына – 100 кітап» ре­с­пуб­ликалық іс-шарасы аясында Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп кітапханасына кітап сыйлады.

Депутат облыс әкімімен кездесу барысында павлодарлықтарды алаңдатып отырған өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады.

Бөлісу:
Өңірдің өзекті мәселелері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар