Оқиға
1 мин оқу 160

Қарағандыдағы су қоймасынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда Федоровский су қоймасының аумағынан белгісіз ер адамның мәйіті табылған. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қарағандыдағы су қоймасынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды

Ер адамның мәйітін жергілікті балықшылардың бірі тауып, полицияға хабарлаған.

«11 шілдеде Федоровский су қоймасының аумағынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ 50-55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағандылық еріктілер полицейлермен бірге марқұмның туыстарын іздестіріп жатыр. Ер адам зауыт жанындағы су қоймасы аумағынан табылғаны хабарланды.

«Бұл адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден +7 778 872 05 13, + 7 708 352 64 60 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұраймыз», деп хабарлады қарағандылық еріктілер.

Бөлісу: