Қоғам
1 мин оқу 63

Жаңа туынды додаға түсті

<p style="text-align: justify;">Режиссер Аруан Анартайдың &laquo;Joqtau&raquo; дебюттік фильмі Locarno Film Festival халықаралық кинофестивалінің конкурс&shy;тық бағдарламасына енді. Швей&shy;цария кинофестивалі &ndash; ең беделді өнер додаларының бірі және әлемдік киноиндустриядағы ықпалы зор бестіктің қатарында.</p>

Жаңа туынды додаға түсті

Локарнодағы 77-кинофестиваль 7-17 та­мыз аралығында өте­ді. Байқауда бақ сынайтын әр фильм бес ретке дейін фес­ти­валь­дың 10 алаңында көр­сетіледі.

Роуд-муви жанрындағы фильмде қазақ даласының әр түк­піріне сапарға шық­қан­дар туралы баяндалады. Кейіп­кер­лер түрлі оқиғаны бас­тан ке­шіріп, олардың ұста­нымдары мен сенімі сыналады.

Фильмдегі басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Иісбек Әбіл­­мәжінов, көрерменге «Қаш», «Па­триот­тар уақыты», «Сақ­­таушы» картиналары арқылы танылған, атышулы «Дәс­түр» фильмінде ойнаған Ермек Шын­болатов, сондай-ақ атал­ған фильмде алғаш рет экран­ға шығатын актриса Ирина Бал­кова ойнайды.

«Joqtau» фильміне композитор Санжар Бәй­те­реков қобызбен инструменталды арнайы музыка жазды.

Жаңа туынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген.

Бөлісу:
Жаңа туынды додаға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар