Экономика
1 мин оқу 175

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банктің Ақ&shy;ша-кредит саясаты&shy; комитеті базалық мөл&shy;шерлемені жылдық 14,25%-ға дейін, 25 ба&shy;&shy;зис&shy;тік тармаққа т&shy;ө&shy;мен&shy;дету туралы ше&shy;шім қабылдады. Әлем&shy;дегі азық-түлік ба&shy;ға&shy;сының өсуі мен Ресей&shy;&shy;&shy;де инфляцияның же&shy;дел&shy;деуіне байланысты сырт&shy;&shy;қы инфляциялық жағ&shy;дай қолайсыздау болып отыр деп мәлімдейді Ұлт&shy;тық банк (ҰБ).</p>

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Ұлттық банк келіп түсетін деректерді, соның ішінде баға өсуінің тұрақты бөлігін және жалпы инфляцияның таргет­ке жақындау траекториясын бақылайды. Баға өсуінің бә­сең­деу үрдісін бекіту үшін және инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа қол жеткізу үшін ақ­ша-кредит шарттары ұзақ уа­қыт бойы ұстамды қатаң қал­пын­да сақталады», делінген ҰБ хабарламасында.

Жылдық инфляция 2024 жылғы маусым айында 8,4%-ға дейін төмендеді және ҰБ болжамы шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасты. Ба­ға өсуінің баяулауына азық-тү­лік тауарларының төмен инф­ля­циясы, сондай-ақ тариф­тік реформаны іске асыру қар­қыны­ның бәсеңдеуі негізгі үлесті қос­ты. Осыған қарамастан, жылдық инфляция құрамында «Тарифті инвестицияға айыр­бастау» бағдарламасы және нарық­тық қыз­меттердің қым­бат­тауы аясын­да ақылы қызмет­тердің бағасы барынша өсіп келеді.

ҰБ дерегінше, халықтың инфляциялық күтулері құбыл­ма­лы: олар сәуірдегі жоғары мәндерінен төмендеді, алайда теңге бағамының аздап әлсіреуіне байланысты маусым айында біршама өсті. Базалық мөл­шерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім 2024 жылғы 29 тамызда жарияланады.

Бөлісу:
Базалық мөлшерлеме төмендетілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар