Елорда
1 мин оқу 221
Елордадағы Қараөткел көпірі бір айға жартылай жабылады
<p>Бас қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ж.Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі Қараөткел көпіріндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп мәлімдеді елорда әкімдігі.</p>

Осыған байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады, – деп толықтырды ведомство.
Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу: