Спорт
1 мин оқу 221

ЕУРО-2024: Бүгін финалда Испания мен Англия кездеседі

<p>Бүгін, 14 шілдеде Еуропа чемпионаты финалында Испания мен Англия құрамалары ойнайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ЕУРО-2024: Бүгін финалда Испания мен Англия кездеседі

Кездесу Берлин қаласындағы "Олимпиаштадион" стадионында өтеді.

Ойын сағат 00.00-де басталып, "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

B тобында сынға түскен Испания құрамасы Хорватияны 3:0, Италия мен Албанияны 1:0 есебімен жеңді.

Одан кейін 1/8 финалда Грузияны 4:1, одан кейін Германияны қосымша кезеңде, Францияны негізгі кезеңде 2:1 есебімен сүріндірді.

С тобында сынға түскен Англия Сербияны 1:0 есебімен жеңсе, Даниямен 1:1, Словениямен 0:0 есебімен тең ойнады.

Англиялық футболшылар 1/8 финалда Словакияны қосымша кезеңде 2:1 есебімен сүріндірсе, одан кейін Швейцарияны 1:1 (пенальтиден 5:3), Нидерландты 2:1 есебімен жеңді.

Бөлісу:
ЕУРО-2024: Бүгін финалда Испания мен Англия кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар