Оқиға
1 мин оқу 142
Оралда 5 жасар бала терезеден құлап кеткен
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға 15 шілде күні «Астана» шағына ауданында болғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Сағат 12:52-де 20-шы үйден биіктіктен құлау дерегі бойынша шақырту келіп түскен.
«Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 4-қабаттан құлаған 5 жасар баланы шұғыл түрде жақын маңдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бөлісу: