Жәдігер
1 мин оқу 161

Садақтың сұғыны мен тобыршығы

<p style="text-align: justify;">Садақтың екі ұшындағы адырнаның ауыздығы кигізілетін тұстан бас&shy;&shy;тап тобыршықтың құйысқанына дейін қат&shy;ты мүйіз, ағаш, сүйек жа&shy;салып, сұғын&shy;дыра қон&shy;&shy;ды&shy;рылған бөлікті &laquo;сұ&shy;&shy;ғын&raquo; дейді.</p>

Садақтың сұғыны мен тобыршығы

Сұғынның міндеті – садақ атылғанда оққа серпін беру. Қазақтың «серпін беру», «сұғын қадау» дейтін тұрақты тір­кестерінің астары осында. Апа-әжелеріміз «Құдайым тіл-сұқтан сақтасын» дейтіні осы сұқ.

р

Сұғынның құрамы: тұм­сығы, мүйіз (ағаш) ауыздық, ауыздыққа бекітілетін адырна тұзағы, сұқтың қобылы, қырлы қанаты, жігі болып бөлінеді. Сондай-ақ керіл­ген адырна қатты ұрмас үшін адыр­наның иіні мен ба­сының түйіскен жеріне, сұғынға қапталдастырып ағаш, сүйек, мүйізден жа­­салған қорғағыш элемент қондырылған. Оны «то­быршық» немесе «тобық» деп атаған. Тобықтың (то­быр­­шық) тағы бір міндеті – оқтың ұшу қар­қы­нын жылдамдату.

Бөлісу: