Аймақтар
1 мин оқу 50

Шетпедегі жаңа клиника

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеде дәрігерлер отбасы&shy; жаңа клиника ашып, аудан тұрғындарының денсаулығын қор&shy;ғауға, сақтауға үлес қоспақ.</p>

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлектері, салада 11 жыл тәжі­рибесі бар мамандар – жалпы тәжірибелік дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, кардиолог Жанайдар Әбеуов пен оның жұбайы терапевт, фтизиатр, функционалдық диагнос­тика дәрігері Айгерім Байзақова ашқан жаңа ASU-MED клиникасында кардиолог, невропатолог, хирург, терапевт, педиатр, уролог дәрігерлері кеңес беріп, қабылдау жүргізеді. Бұдан бөлек, функционалдық диаг­ностика кабинеті, оның ішінде электрокардиограмма, жүректі ультрадыбыстық зерттеу, ар­те­рия­лық қан қысымын 24 сағат бақылау (СМАД), жүрек ырғағының бұзылыстарын бақылау, (Холтер ЭКГ), бауыр, көкбауыр, өт қабы, ұйқы безі мен бүйректі ультрадыбыстық зерттеу бар.

Тұрғындар күндізгі емдеу бө­лімінен ем қабылдап, арнайы ем-шара бөлмесінен қажетті дәрі-дәрмектерін салғыза алады. Клиника жанында лаборатория мен дәріхана да бар.

Жаңа клиниканың ашылуы 37 мыңға жуық тұрғыны бар ауданға әлеуметтік қолдау болары анық.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Шетпедегі жаңа клиника · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар