Саясат
1 мин оқу 80

Инфрақұрылымды дамыту қажет

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаты Андрей Лукин Астана қаласын&shy;дағы Сарыарқа ауданы әкімдігінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында аудан халқының тұрмыс жағдайын жақсарту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы маңызды әлеуметтік мәселелер талқыланды.</p>

Инфрақұрылымды дамыту қажет

Сенатор халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдауды күшейту, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ауданның инфрақұрылымын дамыту қажеттігіне назар аударды.

«Парламент Сенаты қоғам өмірінің барлық салаларын дамытуға ықпал ететін заңнамалық базаны қалыптастыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Біз мемлекеттік саясаттың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрбір азаматтың құқықтары мен мүддесін қорғауға кепілдік беруге тырысамыз. Біз әкімдіктермен және белсенді азаматтармен бірлесе отырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аламыз және азаматтардың өмір сүру сапасын да жақсарта аламыз», деп атап өтті А.Лукин.

Шара қорытындысы бойынша бұдан былайғы ынтымақ­тастық және қойылған міндеттерді іске асыру үшін нақты қадамдар белгіленді. Депутат аудан тұрғындарына талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, билік пен азаматтардың өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:
Инфрақұрылымды дамыту қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар