Қазақстанда зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға пайдалану қағидалары өзгерді
<p>Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді.
- Осылайша, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды.
Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және (немесе) жақын туыстарына беру көзделген, - делінген хабарламада.
Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.