Әлем
1 мин оқу 110

Атына заты сай емес

<p style="text-align: justify;">&laquo;Құдай әлемді алты күнде жаратқан. Ал жетінші күні Рио-де-Жанейроны жасаған&raquo; деп әзілдейді бразилиялықтар қаланың сұлулығын меңзеп. Бірақ біле білсеңіздер, осы бір әйгілі шаһардың атына заты сай емес.</p>

Атына заты сай емес

Өйткені «Рио» – испанша «өзен» деген мағынаны білдіреді. Оған дәлел – Мексикадағы Рио-Гранде, Аргентинадағы Рио-Дульсе, Парагвайдағы Рио-Бермехо, Эквадордағы Риобамба – бәрі-бәрі өзен бойына салынған қалалар. Бірақ бір қызығы, Бразилияның бұл қаласы «Өзенді қала» аталғанымен мұнда ешқандай да өзен жоқ. 1502 жылдың 1 қаңтарында португал теңізшілері осы жерге тап болып, шығанақты өзеннің сағасы деп қателеседі. Солайша бұл елді мекенді Рио-де-Жанейро, қазақшаласақ «Қаңтар өзені» деп атап кеткен екен.

Бөлісу:
Атына заты сай емес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар