Елорда
1 мин оқу 274

Астанада сауда орталығы өртенді

<p style="text-align: justify;">17 шілде таңғы сағат 4 шамасында Астана қаласы, Байқоңыр ауданындағы &laquo;Ажар&raquo; сауда үйінен өрт шықты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада сауда орталығы өртенді

ТЖД мамандары мен техника жеткен кезде  2 қабатты орталықтың 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды.

Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сауда орталығынан өрт шыққан уақытта ішінде адамдар болмаған.

Қызыл жалын алдын ала 60 шаршы метр алаңда оқшауланып, сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Астанада сауда орталығы өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар