Технология
2 мин оқу 250

8 жасар өнертапқыш

<p style="text-align: justify;">Астаналық сегіз жасар Айша мен өскемендік Ева есту қабілеті бұзылған балаларды оңалтуға арналған қосымшаның прототипін әзірледі. Олар өз жобаларын Калифорниядағы &laquo;Technovation Girls&raquo; Халықаралық қыздар технологиялық байқауының финалында ұсынбақ. Қыздарымыз бастауыш сынып оқушыларына арналған &laquo;Beginners&raquo; дивизионындағы байқауға қатысады.</p>

8 жасар өнертапқыш

Айша Есет пен Ева Журки­наның «digidaisies» командасы кохлеарлық имплантация отасын өткен ішінара есту қабілеті нашар балаларға арналған қолданбаның прототипін жасады. Қолданба сөйлеуді, сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Жаттығу үшін қолданба бір­неше құралды ұсынады. Мысалы, сөйлеу гимнастикасы, дыбыстық тре­нажер, әртүрлі тест. Қол­дан­бадағы телефон камерасы арқылы нысандарды тану үшін қыздар нейрондық желіні пай­даланған. Таңғалар­лығы, қо­сымшаны қыздар досына көмектескісі келіп жасаған. «Біз бұл жобаны шын жүректен таң­да­дық, өйткені біздің досымыз Айлин бар. Өкінішке қарай, ол туғаннан естімейді және имплантация отасын жасатты. Біздің оған көмектескіміз келеді», дейді Айша.

«Technovation girls» бағдар­ламасы ақпараттық технология­ларды меңгеруге және жобаларды басқару, IT-кәсіпкерлік дағдыларын алуға қызығушылық танытатын 8-18 жастағы қыздарға арналған. Оның негізгі міндеті – қыздардың IT-әлемге деген қызығушылықтарын ояту әрі технология әлемді жақсы жаққа өзгертудің тиімді құралы бола алатынын көрсету.

– Егер сіз IT-да дамығыңыз кел­­­се, сол қызығушылық таныт­­­­қан­дар­дың ортасын табу өте маңызды, өйт­кені сізбен ортақ мүдделері бар адамдармен байланыс жасау – нә­тиже­­­нің алғашқы баспалдағы, – дейді бағ­­дар­ламаның тәлім­гері және Яндекс так­си­дегі аға тестілеу инженері Мила Баду.

Биыл еліміз бұл техно­ло­гия­­лық байқауда бүкіл әлем бо­йын­ша берілген өтінімдер санынан үздік үштіктің қатарына енді. Нақтырақ айтар болсақ, ­2 345 қыз байқауға өтініш берген. Бұл – еліміз үшін рекордтық сан.

8 жыл ішінде Қазақстаннан барған ко­­ман­далар финалға 6 рет шықты. Ал 2017 жылы отандас­тарымыз 63 бас­қа елдің ішінен Гран-при жеңіп ал­ды. Осы жылы да кішкентай бал­дыр­ған­дарымызға сәттілік тілейміз!

Бөлісу:
8 жасар өнертапқыш · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар