Экономика
1 мин оқу 175

Пайдалы кәсіп

<p style="text-align: justify;">Жерасты суын өңдеп, ыдыстарға құйып са&shy;ты&shy;лымға шығару қос та&shy;рапқа да пай&shy;да&shy;лы: кәсіпкер үшін &ndash; табыс көзі, тұты&shy;ну&shy;&shy;шы үшін &ndash;құнарлы, таза ауызсу. Маң&shy;ғыс&shy;&shy;тау ауданының Тұщыбек аулында іс&shy;ке қосылған су құтылау цехы аталған ай&shy;&shy;мақ&shy;&shy;тағы жерас&shy;ты суын халық игілігіне ұсын&shy;бақ.</p>

Пайдалы кәсіп

Кәсіпкер Ерлан Әбдірахмановтың «Қайнар су» белгісімен шығарған өнімі көпшілік сұра­нысын өтейді. Кәсіпорында пластик құтыны қыздыратын, үретін, тазалайтын, ыдыстарға су құятын, қақпақпен аузын бекітетін, сыртына тауар белгісін жапсыратын аппараттар қойылған. «Күніне 1 500 литр шамасында суды арнайы ыдыс­тарға құйып дайындаймыз. Сұранысқа қарай одан да көп мөлшерде өнім өндіруге су қоры жеткілікті», дейді су шығару шебері Марғұлан Сүгіров.

«Кәсіпкерлікті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу – бүгінгі күннің талабы. Нәсібін кәсіптен тапқан кәсіпкерлер бастамасына барынша қолдау көрсету керек», дейді Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Пайдалы кәсіп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар