Спорт
1 мин оқу 450
Париж Паралимпиадасы: Қоржын тағы бір лицензиямен толықты
<p style="text-align: justify;">Париж-2024 Паралимпиада ойындарына пара жеңіл атлетикадан қоржынға кезекті жолдама түсті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

CSP-parasport.kz мәліметінше жолдама жеңіп алған Салтанат Әбілхасымқызы Т35 классында 100 метрге жүгіру дисциплинасында додаға енеді.
Бұл осымен аталған спорттан 4-ші лицензия. Бұдан бөлек Парижде пара жеңіл атлетикадан ел намысын Дастан Мұқашбеков, Жоламан Еламан, Гүлбахыт Қайыржанова қорғайтын болады.
Паралимпиада ойындары бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның 8 спорт түрінен 22 лицензиясы бар.
Бөлісу: