Оқиға
1 мин оқу 196

Мас күйде көлік жүргізген әкім қызметінен босатылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мас күйде көлік тізгіндеген Чкалов ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мас күйде көлік жүргізген әкім қызметінен босатылды

Оқиға 27 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында Көкшетау қаласында болған.

Белгілі болғандай тәртіп сақшылары аулалардың бірінде «Лада 21713» көлігін тоқтатқан. Ал рөлде Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Сәкен Сәдуақасов болған. Медициналық куәландыру нәтижесінде көлікті мас күйде жүргізген  мемлекеттік қызметші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. 

Мемлекеттік қызметшінің заңсыз әрекеті әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, бұрынғы әкім кінәсін мойындады.

Бөлісу:
Мас күйде көлік жүргізген әкім қызметінен босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар