Айбын
2 мин оқу 130

Жас патриоттар жарысы

<p style="text-align: justify;">Алматыда өткен &laquo;Ай&shy;&shy;бын&raquo; X халықаралық әс&shy;ке&shy;ри-патриоттық жас&shy;&shy;&shy;тар дәстүрлі жиы&shy;нын&shy;да Әзер&shy;&shy;&shy;байжан, Бела&shy;русь, Қазақстан, Қырғыз Рес&shy;публикасы, Ресей және Өзбекстаннан 14-17 жас аралығындағы 750 жас патриот&shy; бақ сы&shy;нады.</p>

Жас патриоттар жарысы

Іс-шара Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұң­ғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орайлас­тырылды. Жиынның ашылу салтанатына Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы­ның қолбасшысы Талапкер Әміреев және оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ниязтай Әлкешев, халық батырының қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, шетелдік қонақтар, еліміз­дің әскери-патриоттық клубтары мен оқу орындары­ның тәрбиеленушілері қа­тысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның жас патриоттарына жолдауын Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұр­дәулетов оқып берді. Онда жиынның әскери қызметтегі тәртіп пен жауапкершілік, өзара көмек пен ұйымшылдық жоғары нәтижелерге қол жет­кізу мүмкіндігінің кепілі екені айтылған.

Жас жауынгерлердің алдында сөз алған Талапкер Әміреев: «Елдің дамуы мен гүлденуі, оның келешегі жас ұрпаққа тікелей байланысты. Болашақ ел сарбаздарын жас­тайынан жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру – ортақ парызымыз. Мемлекет басшысы былтыр бүкіл армия­лық кеңесте «Жас сарбазды» ұлттық деңгейге көтеру керек екенін айтты. Осындай іс-шара көп болса, болашақта патриот жастардың да қатары көбейеріне сенімдімін», деді.

«Әли» оқу-жаттығу орта­лы­ғында өткен жиынның ал­ғашқы күнінде Ұлттық ұлан­ның 6654 әскери бөлімінің қара­мағындағы «Жас бүркіт» әске­ри-патриоттық клубы екі аталым бойынша жеңімпаз атан­ды. Автоматты толық бөл­шектеу мен жинақтау, сон­дай-ақ асық ату ойындарын­да Қаракемер кентінің М.Ломоносов атындағы мек­те­бінің патриоттық сыныбы үз­дік деп танылып, І орынды иеленді. Ұлттық ұлан бас­та­масымен құрылған «Жас бүр­кіт» клубының әскери-пат­риот­тық сыныптары еліміздің бар­лық өңіріндегі әскери бөлім­дермен бірлесіп, жастар сая­са­ты, ұлттық идеология ба­ғы­тында жемісті еңбек етіп жатқаны қуантады.

Бөлісу:
Жас патриоттар жарысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар