Балалар
1 мин оқу 260

Бала қауіпсіздігі бағдарламасы

<p style="text-align: justify;">Елімізде зорлық-зомбы&shy;лық&shy;тан зардап шеккен балаларға арнайы көмек бағ&shy;дарламасы енгізіліп жатыр. Мақсат &ndash; зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сон&shy;дай-ақ қылмысқа куә бол&shy;ған балаларға уақтылы жәрдем беру. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырады.&nbsp;</p>

Бала қауіпсіздігі  бағдарламасы

Бағдарлама жасөспірімдердің эмоциялық, когнитивтік және мінез-құлқындағы салдарды еңсе­ру­ге бағытталған. Онда арнайы көмек көрсету алгоритмі және медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық негіздер қамтылады. Әрі бағдарлама шеңберінде кәмелетке толмағандардан бөлек, олардың ата-аналарына да бірыңғай әдістеме әзірленеді.

– Әр бала зорлық-зомбылықтан қорғалуға тиіс. Бұл бағдарламаның қабылдануы мемлекет пен қоғам­ның бала құқығын қорғау және олар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттемесінің көрінісі. Бастама балаларға зардап салдары­мен күресу және психологиялық тұрғы­да қолдау жүйесін құрудағы маңыз­ды қадамның бірі, – деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқық­тарын қорғау комитеті төр­аға­сының орынбасары Юлия Овечкина.

Көмек көрсету бағдарламасы облыстық деңгейде психологиялық қолдау орталықтарының, аудандық білім бөлімдерінің базасында іске асырылады.

Бөлісу:
Бала қауіпсіздігі бағдарламасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар