Ауа райы
1 мин оқу 200
Демалыс күндері 39 градусқа дейін күн ысиды
<div class="description" style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20, 21, 22 шілдеде республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </div>

Мамандардың айтуынша, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Сонымен қатар республиканың шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жауып, қатты жауын-шашын күтіледі.
«Күндіз ауа температурасы республиканың солтүстігі мен шығысында +20+28°С, оңтүстігінде +34+39°С, республика орталығында +25+33°С дейін көтеріледі деп күтілуде. Оңтүстік-шығыста +30+38°С-қа дейін, ал елдің батысында +33+38°С дейін ыстық болады», деп хабарлады синоптиктер.
Бөлісу: