Білім
1 мин оқу 361

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ның күні белгіленді

<div class="description" style="text-align: justify;">20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</div>

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ның күні белгіленді

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өтетін орынды, күнді, уақытты өздері таңдайды.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады.

Бөлісу: