Елорда
1 мин оқу 255

Дүниежүзілік көшпелілер ойынын Димаш концерті қорытындылайды

<p>Осы күзде Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойыны Димаштың концертімен жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дүниежүзілік көшпелілер ойынын Димаш концерті қорытындылайды

Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева Іnstagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында бөлісті. Ол барша оқырмандарын ойындар соңында болатын концертке шақырды.

- Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпелілер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар...
"Келеді барлық әлем Астанаға,
Қонады Астанаға барша құстар!" деген әнімізбен баршаңызды күтеміз! - деп жазды Димаш Құдайбергеннің анасы С.Айтбаева.

Бөлісу: