Оқиға
1 мин оқу 191
Ақмолада ұшақ апатқа ұшырады
<p>Оқыс оқиға 21 шілде күні сағат 18:54-те болған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көлік министрлігінің мәліметінше, Ақмола облысының Жарқайың ауданында «Бүркіт-Авиа» ЖШС-не тиесілі АН-2 әуе кемесі апатқа ұшыраған. Бортта ұшқыш болған.
Облыстың ТЖД күштері өртті оқшаулаған, ешкім зардап шекпеген.
Көлік министрлігі аталған авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрмақ.
Бөлісу: