Оқиға
1 мин оқу 162

Түркістанда есірткі дайындаумен айналысатын 2 тұрғын ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында синтетикалық есірткі шығаратын тағы бір есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Түркістанда есірткі дайындаумен айналысатын 2 тұрғын ұсталды

Комитеттің хабарлауынша, екі жергілікті тұрғын есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан жерінен ұсталған.

1

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, 60 келіден астам психотроптық заттар мен 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ «синтетика» өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленген.

«Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен (осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

2

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:
Түркістанда есірткі дайындаумен айналысатын 2 тұрғын ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар