Аймақтар
1 мин оқу 232
Атырауда апатты үйлер тұрғындары жаңа баспана алды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Атырау қаласындағы Қожақаев 1 және Достық 12 мекенжайында орналасқан апатты үйлердің тұрғындарына (32 отбасыға) қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мереке Зинуллин баспана кілтін табыстады.
«1960 жылы салынған екі қабатты үйлер апатты деп танылды. Міне, сол меншік иелеріне қалалық бюджет қаржысына «Samal Town» кешенінен сатып алған пәтер кілтін бүгін бермекпіз. Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады», деді М.Зинуллин.
Айта кетсек, жыл басталғалы бері 64 апатты үй тұрғындарына жаңа пәтер берілген.
Бөлісу: