Алматыда есірткі зертханасы анықталды
<p style="text-align: justify;">Алматы облысы Наурызбай ауданындағы жеке үйлердің бірінде синтетикалық есірткі дайындалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үйді тінту кезінде тұрғын үйдің жертөлесінде шыны ыдыстар, прекурсорлар, химиялық заттар мен синтез қалдықтары салынған канистрлер, таразылар, араластырғыш, синтез камерасы, қою-сары түсті сұйықтық салынған ыдыстар, тыныс алу органдарына арналған маскалар, химиялық жұмыстарға арналған комбинезон және басқа да жабдықтар анықталды.
Күдіктіге оның екі танысы көмектескені жедел анықталды.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар мефедрон екені белгілі болды, прекурсордың жалпы салмағы 7 келіден асады.
Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Күдіктілер қамауға алынды.