Көрме
1 мин оқу 100

Кенептегі дала дидары

<p style="text-align: justify;">Елорда төріндегі Ұлт&shy;тық музей биыл 10 жыл&shy;&shy;дық мерейтойын атап өтіп жа&shy;тыр. Со&shy;ған орай &laquo;Да&shy;ла кес&shy;кін&shy;демесі: рәміз&shy;дер, бояу&shy;лар, бейне&shy;лер&raquo; атты көрме мен оның аясында шық&shy;қан каталогтың тұсау&shy;кесер рәсімі өтті.</p>

Кенептегі дала дидары

Көрмеде қазақ бейнелеу өнерінің клас­сикалық туындыларынан бастап, қазіргі заманғы қылқалам шеберлерінің жау­һарлары ұсынылды. Жоба ку­раторы ретінде өнертану про­фессоры Ольга Батурина мен өнер саласындағы білім беру, медиа және маркетинг бағыттары бойынша жұмыс істейтін отандық жоба «Аrt Society» тобы шақырылған.

Алғашқы құттықтау сөзді музей директорының орын­басары Ақмарал Ибраева жет­кізді. «Көрмені ұйым­дас­тырудағы басты мақсатымыз – ұлтымыздың болмысы, әдет-ғұрпы мен мәдениетін көрсету. Осы көрменің аясында каталогтың шығуының өзі мұн­дағы түрлі бейнелеу өнері туындыларының арнайы ғы­лыми тұрғыда халыққа жетуі мен насихатталуына ықпал жасайтын игілікті іс», деді ол.

Көрме кураторы Ольга Ба­турина экспозициялардың ұлт руханиятының бет-бей­несін шебер бейнейлейтін төлтумалығы арқылы таң­дал­ғанын айтты. «Біз қазақ ұлт­тық кескіндеме мектебінің даму тарихын бірегей, дара, жарқын құ­бы­лыс ретінде көрсете отырып, мерейтойлық көрменің еліміздің мәдени өміріндегі ауқымды оқиғалардың біріне айналғанын, оның барлық өнер сүйер қауымның және қазақ кескіндемесінің есігін алғаш ашып жатқан жан­дар­дың назарын отандық өнер­ге аударуды қаладық. Бұл көр­­меде біз мерекелік көңіл-күй жасап, қазақ кескіндеме тарихындағы ең жарқын, ең жақсы әрі маңызды туындыларды көрсеткіміз келді», деді О.Батурина.

Көрме «Бабалар рухы», «Отбасы. Махаббат. Көктем. Ба­лалық шақ», «Шеберлер мен жауһарлар», «Таулар мен дала поэзиясы» және заманауи қазақ өнерінің панорамасы ұсынлыған бес бөлімнен тұ­­рады.

Бөлісу:
Кенептегі дала дидары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар