Оқиға
1 мин оқу 180

Астанада көпқабатты үйден секірмек болған ер адам қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Астана қаласының тұрғыны Бектұров көшесі, 17 мекенжайындағы тұрғын үйдің 14-ші қабатынан секірмек болған ер адам 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Астанада көпқабатты үйден секірмек болған ер адам қамауға алынды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 шілдеде сот отырысы барысында ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Оның айтуынша, ол мас күйінде болған және жұбайын қорқытқысы келген.

«Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК – нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: