Қоғам
1 мин оқу 160

Дәстүр институты

<p style="text-align: justify;">Ауыл қартының институт бітіргені шамалы, бірақ кеудесі көмбе, айтары ғибрат пен &laquo;қарағым&raquo;, &laquo;шырағым&raquo;. Кейбір қала қартының профессорлық атағы бар, жақсы қыз&shy;мет атқарған, екі тілге бірдей жорға, бірақ кісәпір, міншіл, кісіліктен, үлкендіктен алыс. Ауыл келі&shy;нінің оқы&shy;ғаны аз, алайда қабағы жылы, жүрегі жұм&shy;сақ, қызметі әзір. Қала келінінің дипломы көп, бірақ түсі сынық, сөзі суық. Бұ л нет&shy;кен парадокс? Сонда кім оқыған, кім оқымаған?</p>

Дәстүр институты

Әлқисса, білім екіге бөлінеді дейді. Бірі – бас білімі, екін­шісі – жүрек білімі. Бас білімі – кәсіптік білім, салалық, ма­мандықты игеру, мал табуға арналған дүниелік білімдер. Ал жүрек білімі – ар-ұят, иман, обал, сауап білімі. Шығыста тек бас білімін меңгеріп, жүрек білімін алмағанды жалғыз көзді төбекөзге теңеген екен. Төбекөз ұғымы осы түсініктен шыққан деседі. Яғни обал, сауа­п білімін игермеген жан кісіге жаны ашу, тазалық, кісілік деген қасиеттерді «ес­кілік» деп қарап, суық ақылмен ме­жесіне ұмтылады. Неге ауыл қартының кеудесі көмбе, түсі мен сөзі жылы? Олар дәстүр атты инс­ти­туттың үздік шәкірттері екен. Ал қазақы салт-сана, ырым мен жоралғы, дәстүр сабақ­тастығы иман білімімен, ар-ұят, обал, сауап­пен біте қайнасқан. Кейде елдік дәстүр атты институтына жетер білікті орын жоқ шығар деген ой келеді. Өз басым Ба­тыстан, Шығыстан, әлемнің түкпір-түкпірінен іздеген, тап­қан білімім қазақылық атты киелі ұғымның тобығына да жете алмайтынын сездім. Шын қазақ болу қиынның қиыны, бірақ бұл бақыт екен. Бақыт болатыны, сіз қазақ болып-ақ орасан зор бай дүниетанымға, нұрлы ақылға, алқам-салқам дарқан мінезге ие боласыз.

Әдебиетке қарасақ, Мұқа­ғали, Бердібек, Сайындар ауыл­дан Алматыға кеш келіпті. Елдік дәстүр институтына тойы­п келіп, тойған қозыдай томпайып жүріпті. Солайша ұлт­тық биікке қолтаңбасын қал­дырыпты.

Едіге БӨКЕЙ,
«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу: