Білім
2 мин оқу 120

«Балдәурен» балабақшасы ашылды

<p style="text-align: justify;">Әулиекөл ауданында &laquo;Балдәурен&raquo; балалар лагерінің ашылу салтанаты өтті. Аманқарағай орманындағы тұмса табиғат аясына орналасқан лагерьдің құрылысына &laquo;Қазақстан халқына&raquo; қоғамдық қорының әлеуметтік қолдау жобасы аясында <br />268 млн теңге қаржы бөлінген.</p>

«Балдәурен» балабақшасы ашылды

Жазғы демалыс ор­нының 1961 жы­лы салынған ескі ғи­мараты осыдан екі жыл бұрын бүкіл орманды шар­пыған ала­пат өрт кезінде жа­нып кеткен. Дүйім елді дүр сілкіндірген төтенше жағ­дайдан кейін ең бірінші кезекте баспанасыз қалған тұрғындар үшін жаңа үйлер салынды.

Өткен жылы облыс әкім­дігінің бас­тамасын қол­даған «Қазақстан халқы­на» қо­ғамдық қоры өрт болған орман алқабындағы балалар лагерін қайта қал­пына келтіруге қо­мақты қаржы бөл­ген. Содан бері бас-аяғы бір жылдың ішін­де жаздай 300 оқушыны қа­былдай ала­тын демалыс орны балаларға есігін айқара ашты. Жазғы лагерь­дің атал­ған қоғамдық қордың қолдауы­мен ашыл­ғанын салтанатты рәсімге арнайы келіп қатыс­қан аймақ басшысы да атап өтті.

«Бұл – Әулиекөл ауданын­дағы ­4 мың­ға жуық бала асыға күткен лагерь. Алдағы уақытта мұнда тек аудан оқу­шылары ғана емес, облыстың бар­лық өңірінен балалар келіп демалып, ден­саулықтарын жақ­сартатын болады. Осының бәрі «Қазақстан халқына» қо­­рының қолдауының арқа­сында жасалып жатқан дүние. Аталған қор кейінгі 3 жыл ішінде облыстың білім беру саласын дамытуға 3 млрд тең­геге жуық қаржы бөлге­нін де атап өту керек. Бүгін ашылып отырған лагерьге ­облыс бюджетінен бөлін­ген 13 млн 400 мың теңге қар­жы­ға қажетті жиһаздар мен бас­қа да керек-жарақтар сатып алынды. Сондай-ақ абат­­тандыру жұмыстарына ­122 млн теңге бөлінді. Сахна, вор­­каут, спорт алаңдары жә­не шағын сәулет нысандары ор­натылды», деді Құмар Ақсақалов. «Балдәурен» бір ауысымда 100 баланы қа­былдай алады. Яғни 3 ауысымда 300 оқу­шы демалады. Лагерь спорт, музыка, туризм және эко­­логия сала­­сын қамты­ған төрт бағытта жұмыс істей­­ді. Тәрбиешілердің айтуын­ша, атал­ған бағыттар бала­лар­дың шығарма­шы­­лық қабі­ле­тін ұштауға мүмкін­дік береді.

Биыл өңірде 11 қала сыр­­тындағы жазғы лагерьде 9 мыңнан аса балдырған есейгенше естен кетпес бал күндерін өткізіп жатыр.

Қостанай облысы

Бөлісу:
«Балдәурен» балабақшасы ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар