Қазақстан
1 мин оқу 110

Климаттың өзгеруіне Қазақстан да алаңдаулы

<p style="text-align: justify;">Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуде COP29-ға қатысуы күтіліп отыр. Бұл туралы Қазақстанның Әзер&shy;бай&shy;жандағы Елшісі Әлім Байел Әзер&shy;бай&shy;жан &ndash; Қазақстан туристік форумында айтты.</p>

Климаттың өзгеруіне  Қазақстан да алаңдаулы

«Қазақстан мен Әзербайжан – стратегиялық серіктес әрі одақтас елдер. Мұның кепілі – Мемлекеттер басшылары арасындағы саяси диалог. Президенттер жиі кездесулер өткізіп, өзара сапарлар жасайды. Біздің Президенттің Бакуде COP29-ға қатысуын күтеміз», деді Елші. Естеріңізге сала кетейік, биыл қараша айында Әзербайжанда БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына байланысты конференциясының 29-шы сессиясы өтеді. Бұл туралы шешім былтыр 11 желтоқсанында Дубайда өткен СОР28 пленарлық отырысында қабылданды. Екі апта ішінде Баку әлемнің орталығына айналып, 70-80 мыңға жуық шетелдік қонақтарды қабылдайды.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел былтыр осы елге Орталық Азиядан барған әрбір екінші турист Қазақстаннан келгенін айтты. Былтыр Әзербайжанға 58 мың, биыл қаңтар-маусым айларында 38 мыңнан астам қазақ туристері келген.

Бөлісу:
Климаттың өзгеруіне Қазақстан да алаңдаулы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар