Қоғам
1 мин оқу 134

Ішкі істер министрлігі екі күдіктіге іздеу жариялады

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрлігі &laquo;Qarmet&raquo; АҚ-дан ұрлық жасады деген күдіктілердің суретін жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ішкі істер министрлігі екі күдіктіге іздеу жариялады

Қылмыстық топтың аса ірі көлемде жасаған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі) екі азаматқа іздеу жарияланды. 

Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 1987 жылы 2 сәуірде туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы − «қамауда ұстау».

Чижевский Андрей Александрович, 1987 жылы 29 қарашада туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы − «қамауда ұстау».

«Іздеудегі адамдардың жүрген жері туралы ақпарат болса, ел азаматтарынан Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 байланыс нөмірлеріне хабарлауды сұраймыз», делінген хабарламада. 

Бөлісу:
Ішкі істер министрлігі екі күдіктіге іздеу жариялады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар