Аймақтар
1 мин оқу 130
30 жастағы әйел Ертіс өзеніне батып кете жаздаған
<p style="text-align: justify;">Құтқарушылар Өскемендегі Ертіс өзеніне бата жаздаған әйелді аман алып шыққан, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ертіс өзенінің стационарлық құтқару станциясында патруль жүргізген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ерлан Бектұрысов пен Әділет Төреханов жағадан 5 метр қашықтықта көмек сұраған дауысты естіген.
Құтқарушылар көмек көрсетуге асығып, суға батып кете жаздаған 30 жастағы әйелді құтқарып қалды.
Қазір келіншектің жағдайы тұрақты, төтенше жағдайдан кейін медициналық ем-домға мұқтаж болмаған.
Бөлісу: