Кирилл Герасименконың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы кім
<p style="text-align: justify;">Үстел теннисінен ұлттық команданың көшбасшысы Кирилл Герасименконың Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Кирилл Герасименко Париждегі Олимпия ойындарының алғашқы сынында чилилік атлет Николас Бургоспен шеберлік байқасады.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, спорттың бұл түрінен жарыс 27 шілде күні басталады.
Кирилл Герасименконың 1/32 кезеңдегі алғашқы қарсыласы ITTF әлемдік рейтингінде 58-орында тұр.
Отандасымыз Париж Олимпиадасына Азиядағы спортшылар арасында ең жоғары орынды иеленіп, құрлық рейтингі арқылы лицензия жеңіп алған еді. Ол осыған дейін Рио-2016 және Токио-2020 Олимпиада ойындарына қатысқанын айта кету керек.