Аймақтар
1 мин оқу 170

Қарағанды ​​облысындағы ірі жол апаты: үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды

<p>Қарағанды ​​облысындағы Алматы-Екатеринбург тасжолында үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағанды ​​облысындағы ірі жол апаты: үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды

Оқиға Қарағанды ​​мен Балқаш арасында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

- Жол апаты сағат 15:00-де 928-шақырымда Шопа елді мекенінің маңында болды. Toyota Prado, Hyundai Sonata және Toyota Avensis көліктері соқтығысты, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Қарағанды ​​облысындағы ірі жол апаты: үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар