Жастар
1 мин оқу 90

Ел жастарының қырғыз еліне көмегі

<p style="text-align: justify;">Еріктілік шекарамен шектелмейді. &laquo;Жастар рухы&raquo; белсенділері мен &laquo;Biz Birgemiz&raquo; қоры Қырғызстандағы алапат селден зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберді. 40 тонналық жүк Алматыдан Ош қаласына жедел жеткізілді.</p>

Ел жастарының  қырғыз еліне көмегі

Қырғыз Республикасының Ош облысындағы сел салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қоса алғанда 800-ге жуық ғимаратты су басты. 14 шілдедегі толассыз жауын-шашыннан алты адам қаза тапты. Жергілікті жауапты өкілдердің мәліметінше, табиғи апат қайталанып, бір аурухана, сауда үйі, бес көпір зақымданып, 23 автокөлікті су ағызып кеткен. Осынау қиын тұста отан­дас­тарымыз тасада қалмады. «Biz Birgemiz» қоры мен «Жастар рухы» Жастар қана­тының еріктілері эвакуа­ция­ланған тұрғындары үшін азық-түлік, киім-кешек және қажетті заттарды жинап, көмек көрсетуге кірісіп кетті.

– Елімізде орын алған төтенше жағ­дайлар кезінде қырғызстандықтар қол­дау көрсетіп, жанымыздан табыла білді. Қиын халде қалған Ош облы­сының тұрғындарына да тиісті демеу білдіру – біздің парызымыз деп білемін. Дайындалған заттар ішінде ұзаққа жарамды азық-түліктер, төсек орындары – матрас, жастық, жамылғыш және тағы басқа алғашқы уақытта қажет дүниелер бар, – деді «Biz Birgemiz» қоры­ның жетекшісі Перизат Қайрат.

Өз кезегінде гуманитарлық жүктерді тиеуге және жөнелтуге көмек көрсету үшін аз уақыт ішінде «Жастар рухы» Алматы қалалық филиалының 20-дан астам еріктісі жұмылдырылған.

– Біздің еріктілер кез келген жағ­дайда көмек көрсетуге әрқашан дайын. Бауыр­лас қырғыз еліне қолдан келген көмекті аямайтын боламыз. Төтенше жағдайлар кезінде тәжірибе жинақтаған жастармен Ош қаласына жол тарттық, – деді «Жастар рухы» Алматы қалалық филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов.

Бөлісу:
Ел жастарының қырғыз еліне көмегі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар