Нобель сыйлығының лауреаты «Берел» қорық-мұражайындағы экспонаттарды жоғары бағалады
<p style="text-align: justify;">Климаттың өзгеруіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған Рэ Квон Чунг «Берел» қорық-мұражайына барды. Сапар барысында Оңтүстік Кореядан келген қонақ Ұлы даланың мыңжылдық тарихына, сақтар мен түркілердің мәдениетіне тәнті болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Экскурсия барысында «Берел» Қазақстан аумағында органикалық заттар табылған жалғыз ескерткіш екені айтылды. Мұражайдан көшпенді ақсүйектердің қабірлері мен ерекше скиф-сібірлердің аң стилінде жасалған жоғары көркем бұйымдары табылып, көпке танымал болды», деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қонақтарға ерте темір дәуірінде өмір сүрген көшпелілердің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған бұйымдар, ер-тоқым, мата, ағаш ыдыс-аяқ, былғары және киізден жасалған бұйымдар сияқты бірегей экспонаттар таныстырылған.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері «Берел» қорық-мұражайына бес мыңға жуық турист келген.