Олимпиада
1 мин оқу 241

Бүгін Олимпиаданың ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуы бүгін тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a> &nbsp;</p>

Бүгін Олимпиаданың ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі

Qazsporttv мәліметінше «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Париж-2024 ашылуын тікелей эфирде көрсетеді.

Салтанатты ашылуды «Qazsport» арнасында комментаторлар Уәлихан Қосанбай мен Сергей Райлян жүргізеді. Ал тікелей эфирдің қонақтары – бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, бокстан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит, көркем гинастикадан Азия чемпионы Анна Алябьева.

Сонымен бірге бүгін 21:55-те «Qazsport» телеарнасынан ашылу салтанаты алдындағы «Париж-2024» студиялық бағдарламасы көрсетіледі.

Одан бөлек, «Qazaqstan», «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі» эфирге шығады.

Бөлісу:
Бүгін Олимпиаданың ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар