Спорт
1 мин оқу 125

Садақшылар үздік нәтиже көрсетті

<p style="text-align: justify;">Кеше кешке XXXIII жазғы Олимпия ойын&shy;да&shy;ры&shy;ның рес&shy;ми ашылуы өтті. Па&shy;риж төрінде Мемле&shy;кет&shy;тік Туды Аслан&shy;бек Шым&shy;бергенов пен Ольга Саф&shy;ро&shy;нова ұстады.</p>

Садақшылар үздік нәтиже көрсетті

Ашылу салтанаты алдында Париж Олимпиа­да­сында садақ атудан жекелей сынның іріктеуі аяқталды. Біздің командадан жақсы нәтижені Дәулеткелді Жаңбырбай көрсетті. Ол 668 ұпаймен 22-сатыдан көрінді. Ал Ильфат Абдуллин 663 ұпай жинап, 29-орынға тұ­рақтады. Алек­сандр Еременко – 59-орында. Оның еншісінде 640 ұпай бар.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауын­ша, енді осы рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни 64 ер мерген бүгін алған орнына қарай бір-бірімен сынасады. Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болды. Ал плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Ал командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады.

Садақ атудан ерлер арасында Олимпиада рекордын Рио-де-Жанейрода Вуджин Ким (Оңтүстік Корея) тіркеген (700 ұпай). Ал әлем рекорды америкалық Брэди Эллисонға тиесілі (702 ұпай, Лима қаласы, 2019 жылғы 7 тамыз).

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының 80 атлеті 25 спорт түрінен сынға түседі. XXXIII ойындар 11 тамызда мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Садақшылар үздік нәтиже көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар