Аймақтар
1 мин оқу 110
Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кетті
<p>Жамбыл облысының полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктінің қашып кеткенін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оған іздеу жарияланды.
Күдікті 03.11.1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекен полиция бөліміне жеткізілген соң әжетханаға шығып, одан әрі қашып кеткен.
- Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек. Күдікті Nike жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген, – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бөлісу: