Спорт
1 мин оқу 150

Еліміздің гимнастшылары Париж Олимпиадасының финалына өтті

<p>Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздің гимнастшылары Париж Олимпиадасының финалына өтті

Нариман Курбанов пен Милад Карими турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Курбанов тұтқалы ат снаряды бойынша алтынға таласады. Ол іріктеу кезеңінде 15.000 ұпаймен 6-орын алды.

Карими көпсайыстан және еркін жаттығудан финалға өтті. Милад Кариминің нәтижелері:

көпсайыс – 82.065 ұпай, 18-орын (финалға өтті);
керме жаттығуы – 12.700 ұпай, 50-орын;
еркін жаттығу – 14.433 ұпай, 8-орын (финалға өтті)
шығыршық – 13.000 ұпай, 47-орын;
қоссырық – 14.366 ұпай, 25-орын;
қол тіреп секіру – 14.300 ұпай, 12-орын;
тұтқалы ат жаттығуы – 13.266, 38-орын.
Жекелеген жаттығулар бойынша сегіз гимнаст финалға өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды.

Бөлісу:
Еліміздің гимнастшылары Париж Олимпиадасының финалына өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар