Спорт
1 мин оқу 210
Мерген қызымыз Александра Ле Олимпиада ойындарының финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Күні кеше пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден жұптық кездесуде қола алған мергенші қызымыз Александра Ле бүгін жекелей сында финалға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша отандасымыз алтыншы орынға жайғасты. Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған сегіз спортшы финалға өтті. Ал Арина Алтухова 17-ші орыннан көрінді.
Ертең 29 шілдеде медальдар сарапқа салынатын болады.
Айта кетейік, бір күн бұрын аралас командалар арасындағы жарыста Александра Ле Ислам Сәтбаевпен бірге үшінші орын алған болатын.
Бөлісу: