Елорда
1 мин оқу 120
Астанада Тұран даңғылы жабылады
<p style="text-align: justify;">Елордада Тұран даңғылының учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Хусейн бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскедегі Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді.
- Қозғалыс 28-30 шілде аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) жүзеге асырылады, – деді елорда әкімдігінің өкілдері.
Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға тиіс, деп ескертті мамандар.
Бөлісу: