Қоғам
1 мин оқу 191
11,5 мың азамат судағы қауіпсіздік ережелерін елемеген
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымы кезеңіндегі су айдындары мен қауіпсіздік мәселелері бойынша есеп берді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазіргі уақытта республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 708 орын және 400-ге жуық құтқару бекеті жұмыс істеп тұр.
Министрліктің мәліметінше, 32 мыңнан астам бала жүзу дағдыларын меңгеріп, 4 мыңға жуық қоғамдық құтқарушы даярланған. Шомылу маусымының ортасына дейін 29 мыңға жуық рейд пен су айдындарын патрульдеу жұмыстары жүргізілген.
Ал судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған 11,5 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бөлісу: