Ауа райы
1 мин оқу 210

Жаздың соңғы айында ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері 30 шілде - 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаздың соңғы айында ауа райы қандай болады

«Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», деп хабарлады синоптиктер.

Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады.

Сонымен қатар мамандар 1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41° дейін аптап ыстық болатынын ескертті. 

Бөлісу:
Жаздың соңғы айында ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар