Қызылордада газ жарылып, 4 бала жансақтау бөліміне түсті
<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы болып, салдарынан 4 жасөспірім жаңсақтау бөліміне жатқызылды, жеп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарылыс салдарынан үйдің төбесі де опырылып түскен. Әуелі көмекке сол көше тұрғындары келіп, төрт жасөспірімді құтқарып қалған. Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Балалар травматологы Олжас Құрғамбайдың айтуынша, газ жарылысынан 2 ұл мен 2 қыз ауыр жарақат алған, денелерінің 50-70 пайызын күйік шалған.
Qazaqstan.tv хабарлағандай, өрт сөндірушілер жалынның ортасынан бүтін газ баллонын да алып шыққан. Ал мамандар үйдегі жарылыс табиғи газдан болғанын растап отыр. Оқыс оқиғаның мән-жайы сараптамадан кейін белгілі болады.