Елорда
1 мин оқу 142

Астанада эко жүгіру фестивалі өтті

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада эко жүгіру фестивалі өтті

«Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен Триатлон саябағында BAYTAQ RUN FEST атты эко жүгіру фестивалі өтіп, әр қатысушы 5 шақырымды бағындырды.

Айта кетсек, аталған фестиваль Астанада екінші мәрте ұйымдастырылды. Бір ай бұрын Ботаникалық саябақта өткен жарысқа 100-ден астам адам қатысса, осы жолғы жарыста олардың саны 210 адамды құраған.

«Біздің жүгірісіміздің басты ерекшелігі – ешқандай жарна төлеудің қажеттілігі жоқ. Әр қатысушы жүгіріп қана қоймай, естелік медальдармен марапатталып,  лотерея арқылы сыйлықтар ұтып алды. Мектеп оқушысынан бастап, зейнеткер ата-әжелеріміз де қатысты. Бұнымен тоқтамаймыз, әр айда тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарымызда бар», дейді жобаның ұйымдастырушысы Әлішер Күзекбаев.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған айналаны таза ұстап, салауатты өмір салтын насихаттау. Ал аталған идея кезекті рет демалыс күні жүзеге асырылды.

Бөлісу:
Астанада эко жүгіру фестивалі өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар