Жәдігер
1 мин оқу 183

Билікөл маңынан табылған сауыт

<p style="text-align: justify;">Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында әр ғасыр тарихынан сыр шертетін құндылықтар аз емес. Олардың бірқатары археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылса, біраз жәдігерді өңір тұрғындары арнайы музей қорына табыстаған.</p>

Билікөл маңынан табылған сауыт

Музей қорында сақтаулы тұрған сауыт, жауынгер қалқаны секілді жаугершілік дәуірден жеткен жәдігерлер көзге оттай басылады. Алпыс жылдан астам уақыт бұрын қолға түскен құндылықты ғалымдар ХVІІІ-ХІХ ғасырлардан жеткен жәдігер деп отыр.

«Біз көріп тұрған сауыт темір сақиналардан құрастырылғанын байқау қиын емес. Жауынгер киі­мін садақтың жебесі, найзаның ұшы, қылыштың жүзі өтпейтіндей етіп жасағаны бірден байқалып тұр. Сауыттың әр жерін тот бас­қан, жеңдері жыртылған. Жаугерші­лік дәуірдің жәдігері екені еш талас тудырмайды. Тарихы жүз жылдықтармен жалғасып жатқан са­уыт әжептәуір көнерген.

Біздің білуімізше, бұл сауытты Билікөл ауылының тұрғыны көл маңынан 1959 жылы кездейсоқ тауып алыпты. Жергілікті азамат олжасын об­лыс­тық тарихи-өлкетану музе­йі­нің қорына та­быстауды жөн деп тап­қан. Му­зей­ге келген азаматтар сауыт­тың арғы-бергі тарихы туралы ­то­­­лыққанды мәлімет сұрап жата­ды. Мамандар оларға білге­­нін­ше­ ақпарат беріп жүр», дейді ­об­­­­лыстық тарихи-өлкетану му­зейі зерт­теу жұмыстарын қамта­ма­­сыз ету бө­­лімінің меңгерушісі ­Лаура Байтұрсынова.

Бұдан бөлек музей қорында ­сақ­талған жауынгер қалқаны секіл­ді өзге де құнды жәдігерлер толып тұр. Олардың да өзіне тән тари­хы бар.

Тараз

Бөлісу:
Билікөл маңынан табылған сауыт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар