Технология
1 мин оқу 30

Көпті көздеген кездесу

<p style="text-align: justify;">Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер&shy;кәсібі министрлігі &laquo;Hubble Network&raquo; және &laquo;Astranis&raquo; ком&shy;пания&shy;ларының басшылығымен кездесті.</p>

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында министр Жаслан Мәдиев «Hubble Network» компаниясының негізін қалаушы әрі атқарушы өкілі Алекс Харомен, сондай-ақ «Astranis» компаниясының өкілдерімен кездесті. Олар ғарыштық технологиялар мен спутниктік коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық келешегін талқы­лады. Сонымен қатар «Hubble Network» компаниясымен еліміздің аумағында IoT-құрылғыларды орналастыру бойынша қанатқақты жобаны іске қосу туралы келісімге қол қойды.

Компанияның шешімдерін пайдалану – сенімді байланыс пен деректермен алмас­тырып, қамтамасыз ете отырып, еліміз­дің барлық өңірінде IoT-құрылғыларды қолдануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнай және газ салаларындағы датчиктер мен жүк вагондарын треккингке қолдану жоспарланып отыр.

Сондай-ақ отандық делегация «Astranis» компаниясының өндірістік қуаттарымен танысты. Кездесу шеңберінде тараптар «лизинг» моделі бойынша «Astranis» аппаратын пайдалану мүмкіндігіне мұқият талдауды жүргізуге келісті, бұл еліміздің спутник өндірісіне жүздеген миллион доллар инвес­тициялау қажеттілігінсіз деректерді берудің жоғары жылдамдықты спутниктік байланыс арналарын ұйымдастыру қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, «Hubble Network» – Bluetooth құрылғыларын ұялы байланыссыз қосу үшін ғаламдық спутниктік желі құратын компания. Ал «Astranis» – шағын геостационарлық байланыс спутниктерін әзірлеуге және өндіруге маманданған компания.

Бөлісу: